Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Победа 18 көшесі
Пошта: mu_pobeda@med.mail.kz
Меню

Медициналық скрининг

Медициналық скрининг - бұл сырттай дені сау адамдарды жаппай тексеру, яғни ауруды немесе тәуекел факторларын ерте анықтау мақсатында жүргізілетін тексеріс.

Скринингтің мақсаты

Негізгі мақсат - аурудың алдын алу немесе оны ерте кезеңде анықтап, дер кезінде емдеу, сол арқылы асқынулардың алдын алу.

Медицинадағы скрининг түрлері

1. Онкологиялық скринингтер

• Маммография - сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін.
• Пап-тест (цитологиялық жағынды) - жатыр мойны обырын анықтау үшін.
• Колоноскопия - тоқ ішек обырын ерте табу үшін.

2. Жүкті әйелдерге арналған пренатальды скрининг
• Қан талдауы мен УДЗ арқылы ұрықтағы туа біткен ақауларды анықтау.

3. Жаңа туған нәрестелерге скрининг
• Бала өмірінің алғашқы күндерінде өкшеден алынған қан арқылы тұқым қуалайтын және зат алмасу ауруларын анықтау (мысалы, фенилкетонурия, гипотиреоз).

4. Жүрек-қантамыр жүйесіне арналған скрининг
• Қан қысымын, холестерин мен қандағы қант деңгейін өлшеу - гипертония, инфаркт, инсульттің алдын алу үшін.

5. Жұқпалы ауруларға арналған скрининг
• ВИЧ, В және С гепатиттері, мерез және басқа инфекцияларға тексеріс.

Ерекшеліктері

• Скрининг ауруды нақты анықтамайды, тек оның бар-жоғын болжауға мүмкіндік береді.
• Нәтиже күмәнді болса, қосымша тексерулер жүргізіледі.
• Скрининг тиімді болу үшін:
• ауру кең таралған болуы керек;
• сенімді әрі қауіпсіз тест болуы қажет;
• ерте анықталған жағдайда тиімді ем болуы шарт.

Тіркеу орны:
+7 (7222) 32-26-42
Пациенттерді қолдау орталығы:
+7 (7222) 36-19-14
Бас дәрігер:
+7 (7222) 32-29-62
Call-center:
+7 (7222) 36-10-01
Бас дәрігер
Асарбекова Жибек Рахимовна