Скрининг - бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтау. Скринингтік тексерулер ауруды ерте сатысында немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеу әдісін таңдауға және алдын-алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі.
Артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін кімдерге скринингтен өтуге болады:
Артериялық гипертензия, жүректің ишемия аурулары, мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған 30-70 жастағы ерлер мен әйелдер
> Зерттеу ешқандай белгілер болмаған кезде де өтеді - тек сіздің денсаулығыңызға сенімді болу үшін.
> Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханаға хабарласу керек. Осы мақсатта әрбір алғашқы медициналық-санитарлық қызметте скринингтік бөлмелер бар. Сізде жеке куәлік болуы тиіс.
> Белгіленген скринингтік сынақтардан өткен кезде қызметкерге орташа жалақысына сәйкес ақы төлей отырып, 3 күнге дейінгі әлеуметтік демалыс беріледі.
МУ Победа каб. №3