МУ «Победа» мекемесінің эпидемиолог маманы аналармен санитариялық-ағарту жұмысын өткізді.
Кездесу барысында жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау, балалардың иммунитетін нығайту және вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Осындай іс-шаралар ата-аналардың денсаулық сақтау саласындағы білімін арттырып, балалардың саулығын сақтауға ықпал етеді. Белсенді қатысып, қызығушылық танытқан барлық аналарға алғысымызды білдіреміз!