Отбасы күні қарсаңында «Победа» ММ-де Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Жыл сайын Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы күнін кеңінен атап өту отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды бейнесін дамытуға, отбасындағы сүйіспеншіліктің, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын көрсете отырып, отбасы мәртебесін көтеруге ықпал етеді.