Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Победа 18 көшесі
Пошта: mu_pobeda@med.mail.kz
Меню

МӘМС туралы 5 миф (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Миф 1:
«Поликлиникаға тіркелсем - МӘМС бар»
Жоқ. Тіркелу - бір бөлек, жарна төлеу - бір бөлек.
Жарна төлемесең - жүйеде жоқсың.

Миф 2:
«Ауырмаймын - керек емес»
Скрининг, тексеріс, алдын алу - ауырмас үшін керек.
МӘМС тек ауырғанда емес, денсаулықты қорғау үшін де жұмыс істейді.

Миф 3:
«МӘМС тек ауруханаға жатқызу үшін»
Жоқ. Саған қолжетімді:
- Тар бейінді дәрігерлердің қабылдауы
- Диагностика (МРТ, УДЗ, анализдер)
- Созылмалы ауруларға дәрі-дәрмек
- Реабилитация және психотерапия

Миф 4:
«ЖК (ИП) мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алмайды»
Қатыса алады және қатысуы тиіс.
Олар жарнаны өз бетінше төлейді. Төлем жасаса - толық көлемде қызмет алады.

Миф 5:
«Бәрібір тегін ештеңе бермейді»
Береді - егер не сұрау керегін білсең.
Тегін қызмет пен дәрі-дәрмектің ресми тізімі бар.

527414624_18084971278828134_4685784797146189341_n
Тіркеу орны:
+7 (7222) 32-26-42
Пациенттерді қолдау орталығы:
+7 (7222) 36-19-14
Бас дәрігер:
+7 (7222) 32-29-62
Call-center:
+7 (7222) 36-10-01
Бас дәрігер
Асарбекова Жибек Рахимовна