Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионы – әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі тұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарна төленетін болады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен түсіп келді.
Сақтандырылған азаматтар үшін диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері МӘМС аясында тегін көрсетілетінін есте сақтаңыздар. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу қажет.