Әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Бұл 12 миллионнан астам адам.
Әдетте ата-аналар 18 жасқа толған балалары әрі қарай да МӘМС аясында медициналық көмек алуын жалғастыра ма деп сұрайды. Мәртебені жоғалтпаудың бірнеше жолы бар.
Сонымен қатар азамат ресми түрде жұмысқа орналасса немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, өзі төлейтін жарналар есебінен сақтандырылады.
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.