Қазақстанда 25 мыңнан астам адам созылмалы бүйрек ауруымен есепте тұр. Ауру асқынған жағдайда жүрек жетіспеушілігіне, инсультке, өлімге алып келуі мүмкін.
Келесі жылдан бастап созылмалы бүйрек ауруын бақылау және емдеу МӘМС пакетіне енгізіледі. Пациенттер қажетті мамандардан кеңес алып, диагностикалық тексерулерден өтеді, емханадан дәрі-дәрмек алады, сондай-ақ гемодиализден өтеді (қазір 8 мың пациент гемодиализге мұқтаж). Сондай-ақ МӘМС шеңберінде бүйрек трансплантациясы да жүргізіледі.
Бұл медициналық қызметтерді өз қалтаңыздан төлесеңіз, аса қымбатқа түсері сөзсіз. Ал МӘМС жүйесінде бір жылға сақтандырылған мәртебесін алу 51 000 теңге (айына 4 250 теңге) тұрады.
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.