Қант диабеті - әлемдегі ең кең таралған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мыңға жуық адам өмір сүреді. Ол талдаулар тапсыру, дәрігерлер кеңесін алу, емді бақылауды қоса алғанда бір реттік емдеуді емес, тұрақты бақылауды талап етеді.
2026 жылдан бастап қант диабеті бар пациенттердің емі мен диспансерлік бақылауы МӘМС жүйесіне енгізіледі. Яғни барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер және дәрі-дәрмектер олар үшін қосымша төлемсіз қолжетімді болады. Ең бастысы - МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу.
Мәртебені алу үшін соңғы 12 айға төлеген жарналар болуы қажет. Дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері айына 4 250 теңге, яғни жылына 51 000 теңгені құрайды.
Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз:
- Telegram-дағы SaqtandyryBot (https://t.me/SaqtandyryBot);
- ӘМСҚ сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы;
- eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;
- сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.
ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕУ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ САПАСЫН НЫҒАЙТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ
2025 жылғы 14 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оның шеңберінде мемлекет қаражатының есебінен кепілді қамтамасыз етілуге жататын әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі қайта қаралды.
Қант диабеті әлеуметтік мәні бар ауру ретінде қарастырыла береді. Алайда, халықаралық практиканы ескере отырып және терапияға қолжетімділікті кеңейту мақсатында оны қаржыландыру МӘМС пакетіне ауыстырылды. Бұл шешім пациенттерді қорғау деңгейін төмендетпейді, керісінше қаржыландырудың тұрақтылығын нығайтады және денсаулық сақтау қызметтерінің ауқымын, соның ішінде соңғы емдеу әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ қант диабетінің асқынған ағымы (ретинопатия, нефропатия, БСА, жүрек-қан тамырлары аурулары) бар ересек пациенттер, әдетте, МӘМС шеңберінде сақтандырылған жеңілдікті санаттарға кіреді.
Екінші типтегі қант диабеті негізінен 45 жастан асқан адамдарда анықталады. 2 типті ҚД дамуының негізгі қауіп факторлары артық салмақтың болуы, жоғары калориялы тағам және отырықшы өмір салты болып табылады. Бұл аурудың ерте диагнозымен, тамырлы асқынулардың пайда болуымен және дұрыс кешенді емдеумен ұзақ клиникалық ремиссияға қол жеткізуге болады.
Бұл ретте, ҚД-ны ерте анықтауға скрининг жүргізу сақтандырылу мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.
ҚД бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды талдау жүргізді, оның барысында сатып алу құрылымы қайта қаралды, препараттардың позициялары ұтымды болды және тізбелерге енгізу өлшемшарттары нақтыланды.
Қазақстан бүгінде өңірдегі инсулиндердің кең спектрін ұсынады және оларды пациенттердің барлық санаттары үшін тегін ұсынуды қамтамасыз етеді. Ескірген нысандардан қазіргі заманғы препараттарға, оның ішінде инсулин помпаларына арналған шығын материалдарының бағаларын қайта қарау және бюджет ресурстарын жоғары тиімді терапияның пайдасына қайта бөлу арқылы дәйекті көшу жүргізілуде.
Министрлік дәлелді медицина қағидаттарын, халықаралық стандарттарды және азаматтардың нақты қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді жалғастырады. Мақсат өзгеріссіз қалады – барлығына қолжетімді, қауіпсіз және тиімді емдеу.
Анықтама: электрондық тіркеу диспансерлік базасының (ДНЭТ) деректері бойынша 2025 жылға қант диабетімен ауыратын 535 033 пациент тіркелген, оның ішінде:
- 504 456 адам (95%) - 2 типті қант диабетімен;
- 30 577 адам - 1 типті қант диабетімен ауырады, оның 5 625-і 18 жасқа дейінгі балалар.
Қазақстанда 1 және 2 типті қант диабетімен ауыратын барлық пациенттер амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қазіргі заманғы диабетке қарсы препараттармен толық қамтамасыз етіледі.
Пациенттерге ұсынылатын препараттар халықаралық ұсыныстарға (нұсқаулықтарға) және Ұлттық клиникалық хаттамаларға, соның ішінде инсулин аналогтарына және заманауи таблеткалық препараттарға сәйкес келеді.
- Диспансерлік есепте тұрған барлық адамдар үшін инсулиндердің қолжетімділігі 100%-ды құрайды.
- Балаларға ерекше назар аударылады: 1 типті ҚД бар 2400 бала (жалпы санының 39%) инсулин помпаларын қолдана отырып инсулин терапиясын алады, бұл өмір сапасы мен ауруды бақылау деңгейін едәуір жақсартады.
2018 жылдан бастап 2025 жылға дейін АДҚ қаржыландыру көлемі 3 есеге - 87,8 млрд теңгеден 229 млрд теңгеге дейін өсті, онын ішінде қант диабетін емдеуге 45,5 млрд теңге бағытталды.
ҚД бар бір пациентке кететін шығындар аурудың ауырлығына, асқынулардың болуына және қолданылатын терапияға байланысты кең ауқымда өзгереді:
- Пациенттердің 81%-ы жылына 618-ден 184 978 теңгеге дейінгі сомаға ем алады;
- Пациенттердің 16,7%-ы-184 979-дан 600 000 теңгеге дейінгі диапазонда;
- Пациенттердің 2,3%-ы - жылына 601 000-нан 6,5 млн теңгеге дейін шығындарды (жоғары технологиялық емдеуді, инсулин помпаларын және шығын материалдарын қоса алғанда) талап етеді.