Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, Победа 18 көшесі
Пошта: mu_pobeda@med.mail.kz
Меню

МӘМС және ТМККК

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не? 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - бұл тұрғындарды ауру, жарақат,  жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

МӘМС жүйесінің негізгі принциптері:

- әлеуметтік бағдар - мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді;

- ортақ жауапкершілік-халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;

- медициналық көмекке тең қолжетімділік-әрбір сақтандырылған тұлға төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлеміне құқығы бар;

- ақша пациенттің артынан жүреді - пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, егер ол ұйым Қордың өнім берушісі болса ғана;

- пациенттің құқықтарын қорғау-Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.


МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.

- Жұмыс беруші - жұмысшының еңбекақысының 3%-ын, бірақ 18 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ-нан аспауы тиіс. МАҢЫЗДЫ: егер жұмысшы 15 жеңілдік санатының біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.

- Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар – өз табысының 2%-ын құрайды, бірақ 12 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 АЕК-ден аспауы керек.

- Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ төлейді:

- қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;

- ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

Дербес төлеушілер – ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлейді – бұл 11 млн-нан астам адам. Ағымдағы жылы бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.


ТМККК

Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі беріледі:

- Қазақстан Республикасының азаматтарына,

- қандастарға,

- босқындарға,

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,

- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.

ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:

Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;

3) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) емделу кезіндегі әлеуметтік мәні бар аурулар;

2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;

3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

- Паллиативті медициналық көмек.

- Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

- Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

- Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.

- Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.

Тіркеу орны:
+7 (7222) 32-26-42
Пациенттерді қолдау орталығы:
+7 (7222) 36-19-14
Бас дәрігер:
+7 (7222) 32-29-62
Call-center:
+7 (7222) 36-10-01
Бас дәрігер
Асарбекова Жибек Рахимовна